Басты жаңалық

Президент Республика күні қарсаңында Абай облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалармен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына сүбелі үлес қосқан, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға атсалысқан, белсенді қоғамдық қызметімен ерекшеленген қазақстандықтар марапаттады.

Марапат иелерінің қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшылар мен өндіріс саласының өкілдері, кәсіпкерлер, білім беру және ғылым қызметкерлері, дәрігерлер, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

Олардың ішінде Абай облысының азаматтары да бар. Аймақтан 70-тен аса тұрғын марпатқа ие болса, тікелей мемлекет басшысының қолынан 3 азамат лайықты мадақтарын алды. Атап айтқанда, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы Кенбейіл Исаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Бұл марапат – аймақ еңбеккерлерінің ел экономикасына қосқан зор үлесін мойындаудың айғағы. Абай облысының өкілдері еліміздің өркендеу жолында табанды еңбегімен және кәсіби біліктілігімен танылып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button