Басты жаңалық

Абай облысында спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалады

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссия Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатураны мақұлдап, Бақыт Бекбосыновтың жаңа басшы ретінде тағайындалатынын хабарлады.

Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңір спортын дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты бағаланды.

Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал ресми тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады

Басқа жаңалықтар

Back to top button