Басты жаңалық
Семейде құрылыс және геодезия саласына кадр дайындайтын оқу орны бар

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің қызметімен танысты. Оқу орны Юность шағын ауданы, Парковая көшесі, 1-мекенжайында орналасқан.
Танысу барысында колледждің қызметі мен білім беру процесі таныстырылды. Аталған оқу орны екі колледждің бірігуі негізінде құрылған. Қазіргі таңда мұнда 1 400 студент білім алуда.

Колледж өңірде геодезия, картография және құрылыс салалары үшін білікті мамандар даярлауға бағытталған.



