Басты жаңалық

Егін де мол, мал да көбейді

Өңірде биылғы астық жинау жұмыстары толық аяқталып, 782,1 мың гектар алқаптан 348,9 мың тонна астық жиналды.

Өнімді сақтау мақсатында облыста қуаттылығы 173 мың тоннаны құрайтын үш лицензияланған элеватор және шамамен 870 мың тонна астық сақтайтын қоймалар жұмыс істейді. Сонымен қатар жалпы сыйымдылығы 51,8 мың тонна болатын 13 көкөніс қоймасы қызмет көрсетуде.

Мал шаруашылығы саласында да өсім бар. Өңір мал шаруашылығында да оң динамика байқалады. Ірі қара саны 784,2 мың басқа, қой-ешкі 1,279 млн басқа, жылқы 390 мың басқа жетті. 63,7 мың тонна ет өндіріліп, сиыр сүтінің көлемі 275,2 мың тоннаны құрады. Асыл тұқымды мал үлесі жыл сайын ұлғайып келеді.

Қазіргі уақытта облыста 17 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Сонымен бірге 3,2 мың сауын сиырға арналған сегіз сүт-тауарлы ферма мен жеті сүт қабылдау пункті бар. Биылғы 10 айда 13,1 мың тонна сүт жиналды.

Алдағы жылдары жалпы қуаттылығы 5,4 мың басқа арналған тоғыз жаңа сүт-тауарлы ферманы іске қосу жоспарланып отыр. Жобалар жүзеге асса, өңірде қосымша 29,7 мың тонна сүт өндіріледі. Осыған байланысты индустриялық аймақта жаңа сүт зауытын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 174,4 млн АҚШ долларын құрап, оның 76,5%-ы өңделген тауарлар болды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрінің 14-і облыста өндіріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button