Басты жаңалық

Бөденеде ерікті өрт сөндіру бекеті іске қосылды

Бесқарағай ауданы, Бөдене ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 137-ші ерікті өрт сөндіру бекеті жаңғыртылып, пайдалануға берілді.

Жаңартылған бекет ауылдың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қызмет көрсету аумағында шамамен 100 тұрғын үй орналасқан, жалпы 387 адам қамтылады. Бекет өрт сөндіру техникасымен және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.


Жаңа нысан төтенше жағдайлардың алдын алуға, жедел әрекет етуге және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button