Басты жаңалық

Ең таза ауылдар марапатталды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары анықталды.

  • «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында интернетпен қамтуда жоғары деңгейдегі жұмыстары үшін» – Абай ауданы
  • «Абаттандыру мен көгалдандыруда креативті әдіс қолданғаны үшін» – Абай ауданы, Көкбай ауылы
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тұрмыстық қалдықтарды басқаруды ұйымдастырудағы үздік жұмысы үшін» – Ақсуат ауданы
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудағы белсенділігі үшін» – Ақсуат ауданы, Құмкөл ауылы
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» – Аягөз ауданы
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Үлгілі ауыл» деңгейіне көтерілгені үшін» – Аягөз ауданы, Малкелді ауылы
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тәртіп пен заңдылықты сақтаудағы жоғары көрсеткіші үшін» – Бесқарағай ауданы
  • «Саябақтар мен жасыл желектерді дамытудағы үздік көрсеткіші үшін» – Бесқарағай ауданы, Қарағайлы ауылы
  • «Елді мекендер арасындағы жолдардың сапасын жақсартқаны үшін» – Бородулиха ауданы
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін» – Бородулиха ауданы, Новодворовка ауылы
  • «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін» – Жарма ауданы
  • «Мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесі үшін» – Жарма ауданы, Бірлік ауылы
  • «Халықты экологиялық іс-шараларға белсенді тартқаны үшін» – Жаңасемей ауданы, Көкентау ауылы
  • «Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз еткені үшін» – Жаңасемей ауданы, Шаған ауылы
  • «Инвестиция тартудағы белсенді жұмысы үшін» – Көкпекті ауданы
  • «Үлгілі ауыл» деңгейіне көтерілгені үшін» – Көкпекті ауданы, Теректі ауылы
  • «Туризмді дамыту бағытындағы белсенді жұмысы үшін» – Мақаншы ауданы
  • «Экономикалық әлеуетті нығайтуға қосқан үлесі үшін» – Мақаншы ауданы, Көктерек ауылы
  • «Қоғамдық орындардың тазалығын жоғары деңгейде қамтамасыз еткені үшін» – Үржар ауданы
  • «Меценаттармен белсенді жұмыс жүргізгені үшін» – Үржар ауданы, Таскескен ауылы

Басқа жаңалықтар

Back to top button