Басты жаңалық
Абай атындағы театрға жаңа директор тағайындалды

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Абай атындағы театрының директоры болып Нартай Сауданбекұлы Сарсебаев тағайындалды.
Нартай Сарсебаев — 1977 жылы Алматы облысы Нарынқол ауылында туған. Кино және театр актері, драматург, тележүргізуші, дубляж актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Еңбек өтілі — 27 жыл.

«Шемен», «Аманат», «Алыптар», «Қамбардың тасы» пьесаларының авторы. Бірқатар халықаралық және республикалық театр фестивальдерінің «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясы жеңімпазы. 2022 жылы «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығын алды.

2018–2024 жылдары радио және телебағдарламалар жүргізді.



