Басты жаңалық

Кадр мен капитал – ауылға

Абай облысында ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған «Қаладан – ауылға» жобасы іске асырылуда. Бастаманың негізгі мақсаты – ауылдардың тыныс-тіршілігін жандандыру, кадрлық әлеуетін күшейту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беру.

Жоба аясында ауыл тұрғындарын тұрақтандыру, қаладан қоныс аударушыларды тарту арқылы демографиялық тепе-теңдікті сақтау көзделген. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендердегі кадр тапшылығын азайту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жаңа мазмұнда іске асыру жоспарланып отыр.

Өңірдегі халық саны 600 мыңға жуық болса, оның 37,1 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Бұл ауылды дамыту мәселесінің өзектілігін айқындайды. Ауыл – ұлттық құндылықтардың негізі әрі ел дамуының маңызды тірегі ретінде қарастырылады.

Осы бағытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы маңызды рөл атқаруда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облысқа 1 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 10 ауданда 28 ауыл шаруашылығы кооперативін қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Ал биыл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға 4,5 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ауылдың жағдайы ел үшін стратегиялық маңызға ие. Сондықтан ауылды дамыту – тек экономикалық емес, әлеуметтік тұрақтылықтың да басты кепілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button