Басты жаңалық

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылдан бастап өзгереді

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылдан бастап кезең-кезеңімен ұлғаяды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, жаңа тәртіп бойынша зейнеткерлік жас біртіндеп 63 жасқа дейін көтеріледі. Өзгерістер 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Жоспарға сәйкес, 2028 жылы әйелдер 61,5 жасқа толғанда зейнетке шығады. 2029 жылы зейнеткерлік жас 62 жас болады. 2030 жылы бұл көрсеткіш 62,5 жасқа дейін ұлғаяды. Ал 2031 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 63 жас болып белгіленеді.

Еңбек министрлігі мұндай кезеңдік өзгерістер зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын сақтау және азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button