Басты жаңалық

Бөгеттер салу жұмыстары басталды

Қала әкімінің Әділет Қожанбаевтың тапсырмасымен Суық бастау кентінде су тасқынын алдын алу мақсатында бөгет салу жұмыстары басталды. Жаңа құрылыстың ұзындығы шамамен 3 шақырымға дейін созылады.

Еске сала кетейік, биыл кент аумағында ұзындығы 1 200 метрді құрайтын қорғаныс бөгеті салынған болатын.

Коммуналдық қызметтер тұрғын үйлерді су басу қаупінен қорғау үшін қорғаныс үйінділерін салу және су ағымын бағыттау жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс барысында барлық қауіпсіздік талаптары сақталады, ал тұрғындарға алдын ала хабарлама беріліп, қажет жағдайда эвакуациялық жоспарлар әзірленеді.

Бұл жоба Суық бастау кентінің тұрғындарын жыл сайынғы су тасқынынан қорғауға және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button