Кішкентай жүректерге — үлкен мереке

Педиатрия бөлімшесінде ұйымдастырылған бұл іс-шара – жаңа жылды стационарда қарсы алатын балаларға көрсетілген шынайы жанашырлықтың айқын көрінісі. Мерекелік күндері ауруханада қалатын жас науқастарға көңіл бөліп, олардың психоэмоциялық жағдайын қолдауға бағытталған шара өз маңызын толық көрсетті.
Кішкентай пациенттерге арналған концерттік және ойын-сауық бағдарламасы, Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауы балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің жылылығын сезінуге мүмкіндік берді. Қайырымдылық акциясы аясында жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, игі іске «QAZAQ–ASTYQ GROUP» ЖШС басшысы Ушаков Николай Николаевич демеушілік көрсетті.
Сонымен қатар, педиатрия бөлімшесіндегі емдік үдерісті күшейту мақсатында «Соллюкс» жарықпен емдеу физиотерапиялық аппараттарының екі данасының сыйға тартылуы балалардың денсаулығына бағытталған нақты қолдау болды.
Бұл игі бастама Семей медицина университеті КеАҚ Университеттік госпиталі базасында жүзеге асырылып, мерекені ауруханада қарсы алатын балалардың өздерін назардан тыс қалмағанын сезінуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қоғам үшін жауапкершілік пен мейірімнің маңызын тағы бір мәрте айқындаған тағылымды іс ретінде бағаланды.



