Денсаулық
Енді ауырсаң, кем дегенде чек көңіл түсірмейді

Елде бірқатар дәрінің бағасы 25%-ға дейін арзандады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Шамамен 5 мың препаратқа шекті баға қойылды. Оның ішінде жүрек, тыныс алу және инфекциялық ауруларға арналған дәрілер бар.
Енді бағаны негізсіз көтергендерге айыппұл салынады. Тұрғындар қымбаттауды байқаса, DariKZ арқылы шағым бере алады.



