Денсаулық
Қызылша өршіді: жаңа шектеу енгізілді

Елімізде қызылша ауруының өршуіне байланысты екпе алмаған балаларды уақытша оқудан шеттету туралы шешім қабылданды.
Мамандардың айтуынша, бұл мәжбүрлі шара. Себебі инфекция елдің 9 өңірінде таралып, жағдай күрделенген. Жыл басынан бері 3300-ден астам қызылша дерегі тіркелген. Науқастардың шамамен 80 пайызы вакцина алмағандар.
Дәрігерлердің мәліметінше, ауру әсіресе 6 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Осыған байланысты қызылша анықталған жағдайда екпе алмаған балаларды мектеп пен балабақшаға уақытша жібермеу туралы шешім қабылданды.
Жаңа талап 19 ақпаннан бастап күшіне енді.



