Гинекологтан кеңес

Неге біз гинекологқа барудан ұяламыз?
Өйткені көпшілігіміз «ештеңе мазаламаса, барудың қажеті жоқ» деп ойлаймыз. Бірақ бұл – қате түсінік.
«Өкінішке қарай, көп әйелдер тек ауырсыну немесе жайсыздық сезінгенде ғана гинекологқа жүгінеді. Ал кейде бұл кезде дерт асқынып кетуі мүмкін. Профилактикалық тексеріс ауруды ерте кезеңде анықтап, асқынудың алдын алады», – дейді Айжан Рақымбай.
«Гинекологқа барудан ұялу — орынсыз. Бұл сіздің денсаулығыңызға деген жауапкершілігіңіз. Біз сынау үшін емес, көмектесу үшін бармыз», – дейді дәрігер.
Гинеколог Айжан Рақымбайдың кеңесі:
• Жылына бір рет гинекологқа барып, толық тексеруден өтіңіз.
• УДЗ және ПАП-тест тапсырып тұрыңыз — бұл әйелдер денсаулығын бақылаудың маңызды бөлігі.
• Айлық циклдің ұзақтығы мен сипатын бақылаңыз.
• Кез келген жайсыздықты елемей, уақыт оздырмай дәрігерге көрініңіз.
• Жеке гигиенаны сақтап, ағзаңыздағы өзгерістерге мұқият болыңыз.
Сіз соңғы рет қашан гинекологқа қаралдыңыз?
Айлық циклде өзгеріс бар ма?
Кейде жайсыздық немесе ауырсыну сезінесіз бе?
Егер осы сұрақтарға нақты жауап бере алмасаңыз — тексерілудің уақыты келген сияқты. Профилактикалық тексеріс гормондық өзгерістерді, жасырын инфекцияларды және репродуктивті жүйедегі ауытқуларды ерте кезеңде байқауға мүмкіндік береді.
Өз денсаулығыңызға қамқор болу — ұят емес, саналы таңдау.
Өзіңізді жақсы көріңіз, уақтылы тексеріліңіз және денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз.




