Денсаулық
Қытай арықтауға арналған жаңа дәріні мақұлдады

Қытайдың дәрілік заттарды бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармасы Pfizer компаниясының салмақты бақылауға арналған Xianweiying препаратын қолдануға рұқсат берді.
Бұл дәрі GLP-1 механизмі арқылы әсер етеді. Яғни, қандағы қант деңгейін реттейтін гормонның әсерін қайталап, тәбетті азайту арқылы салмақ тастауға көмектеседі.
Препарат семіздік пен артық салмағы бар ересектерді емдеуге арналған.
Әзірге дәрінің нарыққа нақты қашан шығатыны белгісіз. Соңғы жылдары мұндай препараттар фармацевтика нарығындағы ең жылдам дамып жатқан бағыттардың біріне айналып отыр.



