Денсаулық

2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсету тәртібі өзгереді. Әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік туған жағдайда тексеру, бақылау және емдеу сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін жүргізіледі. Бұл қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі. Туберкулез, АИТВ, қатерлі ісік, вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы, психикалық бұзылыстар, сирек кездесетін аурулар, эпилепсия, инфаркт пен инсульт осы санатқа кіреді. Сондай-ақ барлық скринингтік, оның ішінде онкологиялық тексерулер тегін сақталады.

Ал диспансерлік есепте тұрған бірқатар созылмалы аурулар бойынша диагностика, бақылау және емдеу МӘМС пакетіне ауысады. Қант диабеті, артериялық гипертония, жүрек-қантамыр, тыныс алу, бүйрек, ас қорыту және сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары бар науқастар қажетті ем мен дәрі-дәрмекті сақтандыру есебінен ала алады.

МӘМС жүйесінің мақсаты – азаматтарды ауыр дерт кезінде туындайтын ірі қаржылық шығындардан қорғау. Жылына шамамен 51 мың теңге жарна төлей отырып, медициналық қызметтердің кең пакетін пайдалануға мүмкіндік бар. Созылмалы ауруы бар азаматтардың көпшілігі мемлекет есебінен сақтандырылған, ал D және E санатындағы тұрғындар 2026 жылдан бастап жергілікті бюджет арқылы қамтылады. Өзгерістерді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түсіндірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button