Басты жаңалық

Тұрғындардың өтініші орындалды ма?

Жолдың ой-шұңқыры мен қараңғы көше тұрғындардың күнделікті өміріне қолайсыздық туғызатын өзекті мәселелердің бірі. Семей қаласындағы 18-қосалқы станция тұрғындары да осы түйткілді бірнеше мәрте көтерген болатын. Бүгінде олардың өтініші кезең-кезеңімен орындалып, аудан инфрақұрылымында нақты өзгерістер байқала бастады.

Осыған байланысты Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы 18-қосалқы станция тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылады.

Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес ауданға кіреберіс жол толық асфальтталып, көше жарығын жүргізу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде аумаққа 13 жарық бағаны орнатылып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауына жағдай жасалды.

Кездесу барысында тұрғындар ауданның инфрақұрылымын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Соның ішінде балалар ойын алаңын салу мәселесі көтерілді. Қала әкімі бұл бастама назарға алынғанын айтып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

18-қосалқы станцияда атқарылған жұмыстар тұрғындар көтерген мәселелердің кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын көрсетеді. Жол мен жарық мәселесінің оң шешім табуы – халықтың өтінішіне құлақ асып, оны нақты іспен жүзеге асырудың нәтижесі. Алдағы уақытта ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасын табады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button