Денсаулық

Скринингтен өту жеңілдеді: әр азамат білуі керек кеңестер

Денсаулық сақтау министрлігі скринингтік бағдарламаларды жаңғыртып, медициналық тексеруден өту тәртібін жеңілдетті. Енді профилактикалық тексерулер қолжетімді, жылдам әрі тиімді болмақ. Сондықтан әр азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жаңа мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланғаны жөн.

1. Уақытыңызды үнемдеңіз

Жаңа тәртіп бойынша зерттеу нәтижелері қалыпты болған жағдайда қосымша мамандарға барудың қажеті жоқ. Скринингті мейіргер деңгейінде аяқтауға болады. Бұл кезекте тұру уақытын қысқартады.

2. Жасыңызға қарай тексеріліңіз

Скринингке қатысу жасы 76 жасқа дейін ұзартылды. Ал 50 жастан асқан ер адамдарға екі жылда бір рет қан тамырларын УДЗ-дан өткізу ұсынылады.

3. Қан көрсеткіштерін бақылаңыз

Енді ЛПТТ, триглицеридтер және гликирленген гемоглобин көрсеткіштері міндетті тексерулерге енгізілді. Бұл жүрек-қан тамырлары мен қант диабетін ерте анықтауға көмектеседі.

4. Онкоскринингтен қалыс қалмаңыз

2025 жылдың қыркүйегінен бастап онкологиялық скрининг толық тегін жүргізіледі. Ауруды ерте анықтау – емнің ең тиімді жолы.

5. В және С гепатитіне тексеріліңіз

Созылмалы вирустық гепатиттерді ерте анықтау бауыр ауруларының алдын алады.

Енгізілген жаңашылдықтар халықтың профилактикалық тексеруден өту қолжетімділігін арттырып, ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Скринингтік бағдарламаларды жетілдіру медициналық қызмет сапасын көтеріп, қоғамдық денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған.

Денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан бұл шаралар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button