Денсаулық

Медициналық қызметтерді QR-кодпен бақылау жүйесі енгізіледі

Қазақстанда Qalqan атты жаңа жүйе іске қосылады. Оның көмегімен медициналық қызметтерді QR-код арқылы бақылауға болады.

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, МӘМС және ТМККК аясында жұмыс істейтін барлық емханалар мен ауруханалар 15 сәуірге дейін осы жүйеге қосылуы тиіс.

Енді пациенттер өзіне көрсетілген қызметтерді оңай көре алады. Яғни, емделу, талдаулар, дәрігер жазбалары мен жұмсалған қаражаттың бәрі жүйеде көрсетіледі. Егер қате немесе сәйкессіздік болса, бірден хабарлауға мүмкіндік бар.

Ал медициналық ұйымдар үшін бұл жүйе жұмысын реттеуге көмектеседі. Қанша ресурс бар, кадр жетіспей ме, қаржы қалай жұмсалып жатыр – бәрі талданады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жаңалық 200 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік беруі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button