Басты жаңалық

Балаларды қолдау орталығында спорт зал салынады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барды.

1936 жылы құрылған орталықтың жобалық қуаттылығы – 75 орын. Қазіргі таңда мұнда 72 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленуде. Оқушылар Семей қаласындағы мектептерде білім алады.

Аймақ басшысы балалармен еркін форматта әңгімелесіп, олардың белсенділігі мен ұйымшылдығына ризашылығын білдірді. Кездесу барысында орталық аумағында спорт залын салып беру жөнінде уәде етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button