Басты жаңалық

Референдум күні автобус тегін болады

15 наурыз күні семейліктер қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады.

Бұл шешім республикалық референдум күні тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне ыңғайлы жетуі үшін қабылданған.

Сол күні қаладағы барлық бағыттағы автобустар жолаушыларды ақысыз тасымалдайды. Яғни тұрғындар қоғамдық көлікпен күні бойы тегін жүре алады.

Қала билігі семейліктерді дауыс беру күні қоғамдық көлікті пайдалануға және сапарын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Айта кетейік, мұндай тәжірибе сайлау немесе референдум күндері азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау үшін жиі қолданылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button