2026 жылы құжат рәсімдеу құны жаңартылды: тарифтер мен қажетті құжаттар

2026 жылы Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 4 325 теңгеге дейін өсті. Осыған байланысты мемлекеттік баж төлемдерінің құны да өзгерді. BAQ.KZ тілшісі биыл негізгі құжаттарды рәсімдеу бағасы мен талаптарын ұсынады.
Төлқұжат (паспорт)
Құны:
- 36 беттен тұратын төлқұжат – 34 600 теңге
- 48 беттен тұратын төлқұжат – 51 900 теңге
- Балалар төлқұжаты – 17 300 теңге
Балаларға арналған паспорт 24 беттен тұрады.
- 12 жасқа дейін – 5 жылға жарамды
- 12–16 жас аралығы – 10 жылға жарамды
Балалар паспорты үшін қажет құжаттар:
- туу туралы куәлік
- ата-анасының жеке куәлігі
- мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат
- ҚР паспорты (бар болса)
Құжат рәсімдеу кезінде ата-анасының бірінің болуы міндетті.
18 жасқа толған азаматқа паспорт рәсімдеу үшін:
- ҚР жеке куәлігі
- бұрынғы паспорт (ауыстыру кезінде)
- мемлекеттік баж төлемі туралы құжат
Жеке куәлік
Жасату құны – 865 теңге
Қажет құжаттар:
- бұрынғы жеке куәлік (ауыстыру кезінде)
- мемлекеттік баж төленгені туралы құжат
- ҚР паспорты (бар болса)
16 жасқа толған балаға алғашқы жеке куәлік рәсімдеу үшін:
- туу туралы куәлік
- ата-анасының жеке куәлігі
- мемлекеттік баж төлемі туралы құжат
Ата-анасының бірінің қатысуы міндетті.
Жүргізуші куәлігі
Рәсімдеу құны – 5 406 теңге
Қажет құжаттар:
- жеке куәлік
- медициналық анықтама (073/у нысаны – электронды база арқылы)
- автомектепті аяқтағаны туралы куәлік (электронды база арқылы)
- мемлекеттік баж төленгені туралы құжат
Мемлекеттік органдар азаматтарға құжат рәсімдеу кезінде төлем мөлшерін алдын ала нақтылап, қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндігін пайдалануға кеңес береді.



