Басты жаңалық

2026 жылдан бастап салық есебінде не өзгереді?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оның басты жаңалығы салық есептілігін тапсыруды жеңілдету.

Енді салық төлеуші есебін уақытында тапсырмаса, жүйе оны автоматты түрде нөлдік көрсеткішпен өзі қалыптастырады. Бұл үшін айыппұл салынбайды, ескерту хаттар жіберілмейді және банк шоттары бұғатталмайды. Осылайша, бизнеске түсетін қысым азаяды.

Егер мемлекеттік кірістер органдары нақты табыс немесе айналым анықтаса, онда жауапкершілік қарастырылады. Ал салық төлеуші өз қателігін байқап, қосымша есептілігін өзі тапсырса, ешқандай шара қолданылмайды.

Автоматты есептілікті тек салық төлеушінің жеке кабинетінде қажетті есеп нысандары алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жасалады. Егер нысандар көрсетілмесе, жүйе есептілікті қалыптастыра алмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button