Басты жаңалық
Қайнар ауылында жаңа балабақша ашылады

Биыл Қайнар ауылында 50 орындық «Айриза» балабақшасы өз жұмысын бастайды. Перизат Багдатовна Канжекенова мекеме меңгерушісі болып тағайындалды.
Балабақша қазақ тілінде білім береді. Ғимарат 1970 жылы салынған. Қазіргі талаптарға сай бейімделіп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы аумағы — 500 шаршы метр.
Мекемеде жоғары білімді 3 тәрбиеші қызмет етеді. Жылу жүйесі орталыққа қосылған. Сумен жабдықтау орталықтандырылған, кәріз септик арқылы жұмыс істейді. Балабақшада бейімделген асхана, 2 оқу кабинеті және 2 компьютер бар.
Мекеме 2026 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырылады.



