Басты жаңалық

Алаяқтар тағы құтырды

Әлеуметтік желіде «сотқа келу керек» деген жалған хабарлама таралуда. Полиция бұл алаяқтардың жаңа тәсілі екенін ескертті.


Алаяқтар өзін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, сілтемеге өтуді сұрайды. Бірақ бұл жалған сайт. Онда жеке деректер мен банк мәліметтері сұралады.


Мемлекеттік органдар мұндай сілтемелер жібермейді, ал сотқа шақыру тек ресми түрде беріледі.

Күмәнді хабарламаларға сенбей, жеке мәліметтерді ешкімге бермеген жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button