Басты жаңалық
Облыс әкімі ДЭУ-26 жұмысымен танысты

Облыс әкімі Бесқарағайдағы ДЭУ-26 базасына барып, ұжымның күнделікті жұмыс барысымен танысты. Кездесу барысында жол күтімі мен техниканың дайындығы туралы ақпарат берілді.
Базада 13 арнайы техника бар. Жүргізушілердің орташа айлық еңбекақысы 280 мың теңге. Механизатордың жалақысы 320 мың теңгені құрайды.
Қазіргі таңда ДЭУ-26 ұжымы жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарын тұрақты атқарып келеді.



