Басты жаңалық
Аягөзде автобус паркі толықты

Аягөз ауданында қоғамдық көлік паркі жаңартылып жатыр. Ауылдардағы автобус мәселесін шешу үшін 171 млн теңге бөлінді. Биыл 10 «ДонгФенг» автобусының 5-і сатып алынып, маршруттарға қойылды, қалған 5 автобус жыл соңына дейін жеткізіледі. Барлық автобустар электронды төлем жүйесімен жабдықталған.
Әлеуметтік санаттағы балаларға 550 тегін жол картасы беріліп жатыр (17 млн теңге). Сонымен қатар 70 жастан асқан зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға арналған тегін жол жүру карталары үшін 37,1 млн теңге қарастырылған.
Қоғамдық көліктегі жеңілдіктер жобасы ашық порталға шығарылып, I топ мүгедектері мен «Алтын/Күміс алқа» иегерлеріне жеңілдік беру жоспарланған.
Ауыларалық бағыттарды субсидиялауға 60 млн теңге бөлінді.



