Басты жаңалық
Абай облысында «Мың бала» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-Аймақ» рухани орталығында «Мың бала» мәдени-ағартушылық байқауының Абай облысы бойынша өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Түсіпбекұлы қатысты.
Байқау балалар мен жастар арасында мемлекеттік тілді, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін, ұлттық өнері мен салт-дәстүрлерін дәріптеуге, сондай-ақ жас таланттарды қолдауға бағытталған.
Өңірлік іріктеу «Әлеуметтік желілердегі мәнерлеп оқу» және «Бірлікке үн қосқан» музыкалық номинациялары бойынша өтті. Марапаттау рәсімінде аталған бағыттарда үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.



