Басты жаңалық

Абайлықтар Австралияда жүр

Абай облысының делегациясы ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибе алмасу үшін Австралияға іссапармен барды. Делегацияны облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов бастап барды.


Сапардың мақсаты – Абай облысында қой шаруашылығын дамыту және Австралияның озық агротехнологиясымен танысу.

Делегация Сидней қаласында бизнес өкілдерімен кездесіп, қой шаруашылығын дамыту, ет экспортын арттыру мәселелерін талқылады.


Сонымен қатар өңір кәсіпкерлері Австралиядағы ірі қой фермаларын аралап, мал өсіру мен өңдеудің заманауи тәсілдерін үйренеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button