Басты жаңалық
Жұмыртқа импортына шектеу қойылуы мүмкін

Тауық жұмыртқасын шетелден әкелуге алты айға тыйым салу ұсынылды. Тиісті бұйрық жобасын Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі қоғамдық талқылауға шығарды.
Ұсынысқа сәйкес, шектеу барлық көлік түріне қатысты болады, алайда транзиттік тасымалға әсер етпейді.
Министрлік дерегінше, отандық құс фабрикалары ішкі сұраныстың 98%-ын қамтамасыз етіп отыр. Осыған байланысты импортты уақытша шектеу ішкі нарықты қорғауға бағытталған.
2025 жылы Қазақстанда 4,568 млрд дана жұмыртқа өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға артық. Бұған дейін де елде жұмыртқа импортына уақытша шектеулер енгізілген болатын.



