Басты жаңалық

«Заря» жағажайы қайта жаңғырады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жұмыс сапары барысында «Заря» жағажайының қазіргі жағдайымен танысты. Аймақ басшысына жағажайды жаңғырту бағытында қолға алынған жобалар таныстырылды.

«Заря жағажайының реконструкциясы» жобасы аясында демалыс аймағы толықтай абаттандырылмақ. Жоба бойынша жағажай инфрақұрылымы айтарлықтай кеңейтіледі. Атап айтқанда, мұнда 2 құтқарушы мұнарасы, 40 шезлонг, 20 күннен қорғайтын қолшатыр, 20 беседка орнатылады. Сонымен қатар 5 биодәретхана, 4 киім ауыстыратын орын, медициналық пункт, күзет және сауда нүктелері қарастырылған.

Жалпы, Семей қаласында «Заря», «Затон» және «Пристань» жағажайлары тұрғындар жиі баратын негізгі демалыс орындары бар. Алайда бұған дейін олардың көпшілігі қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылмаған болатын.

Осыған байланысты биыл жағажайларды абаттандыру және шомылу маусымына дайындау бойынша кешенді жұмыстар жоспарланған. Оның ішінде киім ауыстыратын орындар, биодәретханалар, құтқару бекеттері, қауіпсіздік буйкалары, сондай-ақ демалысқа арналған шағын сәулеттік нысандар орнату көзделген.

Бұдан бөлек, жағалау аумағын тазарту, тегістеу, санитарлық жағдайды жақсарту, қоқыс жәшіктерін орнату және маусым бойы тұрақты қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы, аталған шаралар қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз әрі қолайлы демалыс жағдайын жасауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button