Басты жаңалық

Жәрдемақы жалақыға айнала ма?

Елімізде мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын ата-аналарға берілетін жәрдемақыны жалақы ретінде рәсімдеу ұсынылды. Бұл туралы Еңбек министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Егер өзгеріс қабылданса, ата-аналардың күтім уақыты еңбек өтіліне қосылады. Сонымен бірге зейнетақы және әлеуметтік аударымдар жүргізіледі. Бұл болашақта олардың зейнетақысына оң әсер етуі мүмкін.

Әзірге бұл норма бірінші топтағы мүгедек балалардың ата-аналарына қатысты қарастырылып жатыр. Ал басқа санаттарға енгізу мәселесі әлі талқылануда.

Нақты шешім жыл соңына дейін жарияланбақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button