Басты жаңалық

IT саласының тәжірибелі мамандары мемлекеттік қызметке келді

Абай облысында цифрлық трансформация бағыты жаңа қарқын ала бастады. Облыстың Цифрлық технологиялар басқармасына кәсіби тәжірибесі мен ғылыми әлеуеті жоғары мамандардың келуі өңірдегі цифрландыру жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі деп айтуға болады. Штаты көбейіп жатыр. Цифрландыруға Абай облысы ерекше көңіл бөліп жатыр, өйткені бұл өңірдің болашағы үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды бағыт.

Басқарма басшысының орынбасары қызметіне Бауыржан Наурызбаев тағайындалды. Сонымен қатар жаңадан құрылған Жасанды интеллект бөліміне Бақытбек Орынбаев басшылық етеді. Штаты көбейіп жатыр, цифрландыруға Абай облысы үлкен мән беріп отыр.

Қазіргі таңда басқарманы Абзал Серікұлы басқарып отыр. Басқарма командасының білікті мамандармен толықтырылуы өңірде цифрлық технологияларды дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жасанды интеллект шешімдерін енгізу бағытындағы жұмысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді деп күтілуде.

Бауыржан Наурызбаев – ақпараттық технологиялар саласының маманы, PhD докторы. Ол жоғары оқу орындарында дәріс беріп, Назарбаев Зияткерлік мектебінде, Шәкәрім университетінде, Alikhan Bokeikhan University-де еңбек етті. Сонымен қатар өңірдегі алғашқы технологиялық экожүйелердің бірі – Abai IT Valley жобасының дамуына атсалысып, бағдарламалау мектебін басқарды. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы филиалында мемлекеттік қызметшілерді оқыту ісіне де үлес қосты. Ғылым, білім және IT саласындағы көпжылдық тәжірибесі оның мемлекеттік басқарудағы жаңа міндетімен ұштасып отыр.

Жасанды интеллект бөлімінің басшысы болып тағайындалған Бақытбек Орынбаев та ақпараттық технологиялар саласында тәжірибе жинақтаған маман. Жаратылыстану ғылымдарының магистрі еңбек жолын жоғары оқу орнында бастап, кейін білім беру саласында цифрлық технологияларды дамытуға үлес қосты. Соңғы уақытта мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, цифрландыру бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысып келеді.

Бүгінде жасанды интеллект әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан технологиялардың біріне айналды. Мемлекеттік басқаруда бұл бағыт үлкен деректерді талдау, қызмет көрсету процестерін автоматтандыру, тұрғындарға ұсынылатын сервистердің сапасын арттыру және басқарушылық шешімдердің тиімділігін күшейту үшін кеңінен қолданылып жатыр. Сондықтан Абай облысында бұл бағытқа жеке бөлімнің құрылуы – уақыт талабынан туындаған шешім.

Жалпы, басқарма құрамына ғылыми дәрежесі бар, заманауи технологияларды терең меңгерген әрі тәжірибесі мол мамандардың келуі өңірдің цифрлық әлеуетін нығайтып қана қоймай, жаңа жобалардың сапалы жүзеге асуына негіз қалайды. Бұл – Абай облысында цифрлық экожүйені қалыптастыруға және инновациялық басқару мәдениетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы. Штаты көбейіп жатыр, алдағы уақытта да цифрландыруға Абай облысы жан-жақты қолдау көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button