Басты жаңалық
Семейге тартылған инвестиция үлесі 29 пайыздан асты

Жыл басынан бері Абай облысында экономиканың барлық негізгі саласында оң өсім байқалады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бірқатар маңызды бағыт бойынша тұрақты қарқын алды.
Атап айтқанда, көлік саласында өсім 125,2 пайызды құрады. Байланыс саласы 106,1 пайызға, ішкі сауда 103,7 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш 102,8 пайызға, құрылыста 102,5 пайызға жетсе, ауыл шаруашылығында 100,9 пайыз деңгейінде сақталды.
Сонымен қатар есепті кезеңде облыс экономикасына жалпы көлемі 495,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның 144,8 млрд теңгесі Семей қаласына тиесілі, бұл жалпы инвестиция көлемінің 29,2 пайызын құрайды.



