Басты жаңалық

Қоғамдық кеңес жаңа Конституцияны қолдады

Аймақ басшысы Берік Уәли облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Жиында қоғамдық кеңестің жұмысы мен жаңа Конституцияның маңызы талқыланды. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі қоғамдық кеңес мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтты. Оның сөзінше, мемлекеттік органдардың ашық жұмыс істеуі және қоғам пікірін ескеру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.


Берік Уәли жаңа Конституция жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси реформалардың жалғасы екенін атап өтті. Соңғы шешім жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатынын айтты.

Кездесуде сөз алған Мейрамхат Айнабеков жаңа Конституция ұлттық мәдениет пен отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталғанын жеткізді.


Жиында қоғамдық кеңес мүшелері де пікір білдірді. Олар жаңа Конституция жобасын қолдайтынын айтып, бұл құжат елдің тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button