Басты жаңалықСпорт
Қоржында 3 күміс…

Қазақстан құрамасы Аичи–Нагоя Азия ойындарында тағы үш күміс медаль жеңіп алды.
🏋️ Алексей Чуркин – ауыр атлетикадан 85 келі салмақта бақ сынады. Ол Қоссайыста 378 келі көтеріп, күміс жүлдегер атанды. Жұлқа көтеруде 173 келіні бағындырып, әлем рекордын жаңартты;
🏋️ Нұрғиса Әділетұлы – ауыр атлетикадан 95 келі салмақта бақ сынады. Спортшы қоссайыста 394 келі нәтижесімен екінші орын алды;
🏃♀️ Аделина Земс – 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысына шықты. Финалда екінші болып, күміс медаль иеленді.



