Басты жаңалық

№6 гимназиядағы оқу үдерісі назарда

Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы Семей қаласындағы «№6 гимназия» ғимаратының ағымдағы жағдайымен танысты.

Гимназияда қазіргі уақытта 1900 оқушы білім алады. Оқу сабақтары екі ауысымда – таңғы және түскі кезекпен ұйымдастырылған.

Сапар барысында оқу кабинеттерінің жай-күйі, жаңа ашылған интерактивті кеңістіктер, соның ішінде шахмат студиясы мен еркін пікір алмасуға арналған кітапхана алаңы таныстырылды. Сонымен қатар оқушылардың олимпиадалар мен байқаулардағы жетістіктері туралы ақпарат берілді.

Әкім білім беру сапасын арттыру және оқу жағдайын жақсарту бағытындағы мәселелерді назарға алуды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button