Басты жаңалықБілім

Жетістікке жеткен оқушылар марапатталды

Жыл бойы жетістікке жеткен дарынды балаларды қолдау және ынталандыру мақсатында Абай облысының әкімі Берік Уәли дарынды оқушылармен кездесу өткізді. Жиынға түрлі салада үздік атанған 50 оқушы қатысты.

Шара ашық пікір алмасу форматында өтті. Оқушылар өз жетістіктері мен алдағы мақсаттары туралы ой бөлісті.


Кездесу барысында оқушыларға облыс әкімі атынан ақшалай сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар мамыр айында халықаралық және республикалық зияткерлік олимпиадаларда, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстарда жеңімпаз атанған 18 оқушыға 1 миллион теңгеден арнайы стипендия тағайындалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button