Басты жаңалық
Жаңа Конституция жобасы ашық талқылана береді

Жаңа Конституция жобасы қоғам талқысында қала береді. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова мәлімдеді.
Оның айтуынша, қоғам тарапынан көптеген оң пікір келіп, жекелеген баптарды жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар да түсіп жатыр.
— Қазіргі таңда комиссия хатшылығына e-Өтініш платформасы арқылы 4 мыңнан астам ұсыныс келді. Алдыңғы отырыста басталған пікір алмасуды жалғастырамыз, — деді Эльвира Әзімова.
Спикердің сөзінше, азаматтар Конституция жобасын белсенді талқылап жатыр және қоғаммен ашық диалог алдағы уақытта да жалғасады.



