Абай жастары

Студенттер кибермайданда кім мықты?

Семейде «Студенттік көктем – 2026» облыстық байқауы аясында өткен Counter-Strike 2 турнирі өз мәресіне жетті. Киберспорт бағытына деген қызығушылықтың жоғары екені бұл жолы да айқын көрінді.

Турнир барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, командалық үйлесім және жедел шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Әр ойын тартысты өтіп, жанкүйерлерге ерекше эмоция сыйлады.

Нәтижесінде жоғары оқу орындары арасында Alikhan Bokeikhan University командасы үздік атанды. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында Геологиялық барлау колледжінің студенттері жеңімпаз болды.

Киберспорттың қарқынды дамуы жастардың жаңа мүмкіндіктерге бет бұрғанын көрсетеді. Бұл турнир – соның нақты дәлелі.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button