Басты жаңалық

Семейде жолды түнде жөндейді

Семей қаласында жол жөндеу жұмыстары енді түнгі уақытта жүргізіледі. Шешім облыс әкімінің тапсырмасына және тұрғындардың өтініштеріне сәйкес қабылданды.

Негізгі мақсат – күндізгі уақытта көлік қозғалысына түсетін жүктемені азайтып, кептелістердің алдын алу. Осы арқылы қаладағы жол қозғалысының тиімділігі артады.

Осыған байланысты асфальт-бетон зауыты да жұмыс кестесін өзгертіп, түнгі режимге көшеді. Бұл жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралар қала инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button