Әдеби майдан – Семейде!

Семейде «Бейсембай және Әдеби Майдан» кітабы оқырманға жол тартады. Рухани кездесу көрнекті әдебиеттанушы Бейсембай Кенжебаевтың ғылыми мұрасы мен ұлт руханиятындағы орнын кеңінен таныстыруға арналған.
29 сәуір күні Абай атындағы кітапханада өтетін басқосуда ғалымның әдебиеттану саласындағы еңбегі, көзқарасы және қазақ ғылымына қосқан үлесі сөз болады. Кітап авторы Санжар Керімбай еңбегінде Кенжебаевтың тұлғасын тың деректер мен жаңа пайым арқылы ашады.

Кеш барысында қатысушылар ғалымның өмір жолы, ғылыми бағыттары және қалыптастырған зерттеу мектебі туралы мағлұмат алады. Сондай-ақ, жазушы Мұхтар Мағауиннің ұстазы жайлы пікірлері де назарға ұсынылады.
Шара 29 сәуір күні сағат 15:00-де Абай кітапханасында (Абай көшесі, 86) өтеді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын кездесуге қатысуға шақырады.



