Басты жаңалық

Президент: цифрлық экономиканы нақты есептеу керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге нақты қанша үлес қосып жатқанын есептеуді тапсырды.

Оның айтуынша, қазір бұл салада нақты жүйе жоқ, көрсеткіштер де әртүрлі. Сондықтан цифрландыру мен инновацияның шынайы әсерін көру қиын.

– ІЖӨ өсімі туралы айтқанда, нақты экономика мен жаңа технологиядан түскен табысты ажырату керек. Қазір көрсеткіштер толық шындықты көрсетпейді, – деді Президент.

Осыған байланысты Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірге нақты бағалау тәсілдерін ұсынуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button