Басты жаңалықБілім

Шәкәрім университетінде «Қасым кітап» баспа бұрышы ашылды

Шәкәрім университетінде ұлттық руханиятты дәріптеуге бағытталған маңызды бастама жүзеге асты. Оқу ордасында «Қасым кітап» баспасының ресми өкілдігі – баспа өнімдері бұрышы ашылды. Бұл жоба студенттер мен оқытушылар арасында кітап оқу мәдениетін нығайтуға және зияткерлік дамуға серпін беруді мақсат етеді.

Іс-шараға Қарағанды қаласынан арнайы келген «Қасым кітап» баспасының өкілі Бек Русланұлы қатысып, университет кітапханасына және ректордың жеке кітап қорына бірқатар құнды басылымдарды сыйға тартты. Кездесу барысында тараптар рухани мұраны насихаттау, отандық әдебиетті қолдау және жастардың оқу белсенділігін арттыру бағытындағы бірлескен жобалар туралы пікір алмасты.

Жаңа ашылған бұрышта отандық авторлардың еңбектері, тарихи-танымдық және рухани мазмұндағы кітаптар көпшілік назарына ұсынылмақ. Бұл студенттерге сапалы әдебиетпен танысуға, ұлттық құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Университет басшылығы аталған бастаманы білім мен тәрбие үдерісін толықтыратын маңызды қадам ретінде атап өтті. Алдағы уақытта «Қасым кітап» баспасымен ынтымақтастық аясында кітап көрмелері, авторлық кездесулер және әдеби шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Руханиятқа негізделген бұл игі жоба – жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған нақты қадам.

Басқа жаңалықтар

Back to top button