Аймақ тынысы

Балалар құқықтарын қорғау күшейтіледі

Абай облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтуде.

2026 жылғы 13 сәуірдегі №64 қаулымен құрылған басқарманың негізгі міндеттері – балалар құқықтарының бұзылуының алдын алу, тәуекелдерді ерте анықтау, қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен отбасыларға қажетті көмекті ұйымдастыру, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық саласындағы мемлекеттік функцияларды іске асыру.

Басқарма балалар орналасқан білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт ұйымдарында балалар құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізуге, қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға құқылы. Осыған байланысты мектеп директорларынан балаға қатысты тәуекелдерді дер кезінде анықтап, ақпаратты жасырмай, басқармаға қажетті мәліметтерді толық әрі уақытылы ұсыну талап етіледі. Басты назар баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әрбір жағдай бойынша нақты көмек көрсетуге аударылады.

Сонымен қатар басқарма балалардың туыстарының тәрбиесінде ұзақ уақыт фактілі түрде тұру жағдайларына бақылауды күшейтуді ескертеді. Ата-аналардың баласын әжесіне, атасына немесе басқа туыстарына сенімхат арқылы қалдыруы оларды ата-аналық міндеттерден босатпайды және туысқа қорғаншы немесе қамқоршы мәртебесін бермейді. Сондықтан мұндай отбасылардағы балалардың тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, оқуына және қауіпсіздігіне тиісті бақылау жүргізу маңызды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button