Басты жаңалық
Қазақстанда мемлекеттік мүлікке цифрлық паспорт енгізіледі

Елімізде мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді бір жүйеге біріктіріп, әр нысанға цифрлық паспорт жасау жоспарланып отыр. Жоба e-Qazyna платформасы негізінде іске асырылады.
Цифрлық профильде нысанның орналасқан жері, жағдайы, пайдаланылуы, өмірлік циклі, фотосуреттері мен географиялық координаттары қамтылады. Болашақта ғарыштық мониторинг деректері де қосылады.



