Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл қойылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Семей қаласында ел егемендігі жолында күрескен батырларға тағзым ету рәсімі өтті. Іс-шара барысында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Салтанатты жиынға Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Еске алу рәсімі бір минут үнсіздікпен басталып, батыр рухына тағзым ретінде гүл қоюмен жалғасты. Жиын барысында қатысушылар Қайрат Рысқұлбековтің ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігі мен азаматтық ұстанымын атап өтті.

Қайрат Рысқұлбеков — Желтоқсан көтерілісінде әділет пен еркіндік үшін күрескен ержүрек азаматтардың бірі. Оның қайсарлығы мен батылдығы Қазақстан тарихында өшпес із қалдырып, кейінгі ұрпаққа үлгі болып келеді.



