Басты жаңалық
Қазақстанда кітапханаға бару көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі кітапханаларға барушылар саны 57 миллионға жетті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
Министрлік дерегінше, оқырмандар арасында көркем әдебиет, тарих, этнография, психология, медицина және жаңа технологиялар тақырыптарына қызығушылық жоғары. Сонымен қатар мерзімді басылымдарға да сұраныс артқан.
Ведомство кітап оқу мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.



