Басты жаңалық
Референдум: шетелдегі 11 дауыс беру учаскесі жабылды

Референдум қарсаңында шетелдегі 11 дауыс беру учаскесі жабылды. Бұған өңірлердегі әскери-саяси жағдайдың күрделенуі себеп болған.
Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жабылған учаскелер Қазақстан Республикасының Иран, Израиль, Иордания, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопиядағы елшіліктері жанында орналасқан. Сондай-ақ Дубай қаласындағы Қазақстан консулдығы жанындағы учаске де осы тізімге енгізілген.
Соған қарамастан, 15 наурыз күні шетелдегі дауыс беру толық тоқтатылмайды. Жалпы алғанда 54 елде орналасқан 71 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Сыртқы істер министрлігі азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтті.



