Басты жаңалық
Енді ипотека қалтаға қарай есептеледі

Енді Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарна көлеміне қарай есептеледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Егер алғашқы жарна 30% немесе одан көп болса, несие пайызы төмен болады. Ал жарна аз болса, керісінше, мөлшерлеме өседі. Мысалы, 30%-дан төмен болған жағдайда пайыз 25%-ға дейін жетуі мүмкін.
Банктер «Отбасы банкке» ұқсас жүйені енгізуде. Яғни, алдымен депозитке ақша жинап, кейін төмен пайызбен ипотека алуға мүмкіндік бар.



